Гонконгта сирек гауһар 11 миллион долларға сатылды

АСТАНА. Желтоқсанның 2-сі. ҚазАқпарат - Гонконгтағы аукционда сатып алушы бес караттық сирек қызғылт гауһар үшін 11 миллион доллар төледі,

Гонконгта сирек гауһар 11 миллион долларға сатылды

   деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін мұндай үйреншікті мөлшердегі бірде-бір гауһар осыншама қымбатқа бағаланған емес. Сарапшылар тастың құндылығын оның ғажайып қанық-қызғылт түсіне байланысты дейді. Мұншалықты мөлдір және қанық түсті гауһарлар өте сирек кездеседі.