19:53, 10 Қаңтар 2010 | GMT +5
Гонконгте топ адамдарға қышқыл құйылған шөлмекті лақтырған адам тұтқындалды
АСТАНА. Қаңтардың 10-ы. ҚазАқпарат - Гонконг полициясы 30 адамды жарақаттап, өткен сенбі күні базардағы бір топ адамдарға қышқыл құйылған екі шөлмекті лақтырды деген күдікпен бір адамды тұтқындады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.
Аты құпия ұсталып отырған бұл адам жақын маңдағы үйдің шатырында ұсталған. Оның қалтасынан лақтырған шөлмектің тығыны табылған.
Бұл соңғы жылдары жасалған шабуылдардың алғашқысы емес. Олардың барлығы да сауда жаймалары орнатылған, жүргіншілер мен туристер көп жүретін қарбалас көшелерде орын алды. Тұтқындалған адамның бұған дейінгі шабуылдарға қатысының бар-жоғы әзірге белгісіз.