2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Google ғарышта алғашқы жасанды интеллект дата-орталығын іске қоспақ

АСТАНА. KAZINFORM — Google ғарышта жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға бағытталған Suncatcher жобасы аясында орбитаға алғашқы сынақ спутнигін ұшырып, онда TPU процессорларының жұмыс өнімділігін тексермек, деп хабарлайды БелТА.

Google ғарышта алғашқы жасанды интеллект дата-орталығын іске қоспақ
Фото: NASA

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, көпжылдық зерттеулерден кейін Suncatcher жобасы орбитадағы алғашқы сынаққа дайын. Оның барысында Google-дың Tensor Processing Unit (TPU) процессорлары орбитада сыналады.

Жобаның негізгі мақсаты — жасанды интеллект инфрақұрылымы орнатылған спутниктерді Жерге жақын орбитаға шығару. Компанияның алдын ала бағалауынша, ғарыштағы аппараттар Жер бетіндегілерге қарағанда 8 есе көп энергия өндіре алады.

TPU процессорлары орнатылған алғашқы спутник 2026 жылғы 1 қазанда ұшырылады. Оны SpaceX компаниясымен бірлесіп Planet әзірлеген Transporter-18 ғарыш аппараты орбитаға жеткізеді.

Бұған дейін Google Earth Жердің үстімен ұшуға арналған тегін авиасимуляторды іске қосты.