Google кабельдік ғаламтордан сымсыз ғаламторға қосылуды арзанырақ етті

АСТАНА: ҚазАқпарат - Американың Google компаниясы елді мекендерді жылдамдығы жоғары сымсыз ғалаторға қосудың жаңа технологиясын ұсынды. Бұл инновация кабельдік қосылуға қарағанда арзанырақ болғаны хабарланып отыр.

Google кабельдік ғаламтордан сымсыз ғаламторға қосылуды арзанырақ етті

Аталған технология мәліметтерді жіберу жылдамдығын секундына 1 гб-қа дейін жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұл Google-дің оптикалық-талшықты кабель арқылы қамтамасыз ететін жылдамдықпен баламалы болып тұр, деп жазады ТАСС.
Google жылдамдығы жоғары сымсыз ғаламтор моделін жұртшылыққа 2017 жылы таныстырмақ.