Google көлемі алақандай ғана Chromebit компьютерін таныстырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Google корпорациясы компьютердің барлық функцияларын қамтитын Chromebit құрылғысын таныстырды.
None
None

Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Құрылғыны өндірумен және сатумен ASUS компаниясы айналысатын болды. Сатылымға биыл жазда шығару жоспарланған.

«Көлемі жағынан шоколад батонындай ғана болатын Chromebit құрылғысы небары 100 доллар тұратын болады», - делінген хабарламада.

Оны пайдалану үшін кез келген мониторға қосу керек. Смарт теледидар экраны да бұл үшін жарамды.

Соңғы жаңалықтар