20:03, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Google қытайлық жазушылардан кешірім сұрады
АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат - Google Books жобасының азиялық бөлімшесінің жетекшісі Эрик Хартманн (Erik Hartmann) Қытай жазушылары қауымдастығынан қытайлық авторлардың кітаптарын олардың рұқсатынсыз сандық жүйеге көшіргені үшін кешірім сұрады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа сайтына сілтеме жасап. Google-де қытайлық жазушылар қауымдастығымен заңды әрекет жасамағандығын және авторлардың шығармаларын ашық пайдалануға ұсына отырып, олардың құқықтарын бұзғандығын мойындады.
Компания шарттарын Google Books басшылары Қытай жазушылары қауымдастығымен және жазба шығармаларының авторлық құқықтарын қорғау жөніндегі қытайлық қоғаммен талқылап жатқан қытайлық авторлармен келісімге қол жеткізілмейінше олардың кітаптарын сканирлеуді тоқтатуға уәде етті. Тараптар 2010 жылдың маусымында уағдаластыққа келеді деп күтілуде.