Google Ресейден техникалық қызметін шығаруға бел буды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Google компаниясы Ресейден техникалық қызметін шығаруға ниетті екенін хабарлады, алайда жергілікті нарыққа инвестиция құюын тоқтатпайды, деп хабарлады РБК.
None
None

Google-дың инженерлік-техникалық қызметін жабу шешімі туралы Bloomberg агенттігі хабарлады. Кейінірек Ресейдегі Google баспасөз қызметінің өкілі Алла Забровская бұл ақпаратты растады. Ол Google неліктен мұндай шешім қабылдағанын айтпады.

Компания өзге елдерден де, мәселен Швеция, Финляндия және Норвегия, сонымен бірге АҚШ-тың бірнеше кеңсесінен әзірлеуші мамандарды шығарған, деп атап өтті Google өкілі.

Соңғы жаңалықтар