Grand Slam турниріне қатысатын Ұлттық құрама тізіміне өзгеріс енгізілді

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Париж қаласында (Франция) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын балуандардың тізімін жаңартты.

Дзюдодан Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысатын ұлттық құрама тізіміне өзгерістер енгізілді
Фото: ҚР ҰОК

Бұған дейін алдын ала тізімге Әбиба Әбужақынова енген еді. ҚР ҰОК мәліметінше, жаңартылған тізім бойынша, «Үлкен Дулыға» турнирінде ел намысын 12 ер спортшы қорғайды.

Ұлттық құраманың тізімі:

60 келіге дейін: Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан

66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев, Бауыржан Нарбаев

73 келіге дейін: Дастан Шаяхметов, Есет Қуанов

81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар, Әділет Алмат

90 келіге дейін: Айдар Арапов

100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан, Марат Байқамұров

100 келіден жоғары: Ғалымжан Қырықбай

Айта кетейік, турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан теннисшісі, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.

Соңғы жаңалықтар