16:01, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Грек-рим күресі: Әлем кубогында біздің команда 5-ші орынды иемденді
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Грек-рим күресінен Қазақстан ұлттық құрамасы Францияның Клермонте қаласында өткен Әлем кубогы жарысында 5-ші орын алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Біздің спорт» сайтына сілтеме жасап.Бұл жарыста Бейжің олимпиадасының қорытындысы бойынша үздік шыққан 8 команда әлемнің мықты құрамасы атағына таласты. Жарыс форматына сәйкес, командалар екі топқа бөлінді. Бірінші топта - Қазақстан, Франция, Куба және Қытай, ал екінші топта - Ресей, Армения, Әзірбайжан және Венгрия құрамалары шоғырланды. Біздің палуандар қытайлық әріптестерін 4:3, француздарды 4:3 есептерімен ұтқанымен, кубалықтардан 5:2 есебімен жеңіліп қалды. Алайда, үш кездесуде екі мәрте жеңіске жеткеніне қарамастан Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орын алды. Жартылай финалға жеке көрсеткіштеріндегі артықшылықтардың есебінен Куба мен Франция құрамалары шықты. Сөйтіп 5-ші орын үшін болған жарыста палуандарымыз венгриялық әріптестерін 5:2 есебімен жеңді. Қорытынды нәтиже мынадай: 1. Ресей, 2. Франция, 3. Армения, 4. Куба, 5. Қазақстан, 6. Венгрия, 7. Қытай.