Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Демеу Жадыраев қола жүлдеге таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жетті.

Демеу Жадраев
Фото: ҰОК

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі. 

Жұбаныш белдесуінде Жадыраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді. 

Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Демеу Жадыраевтың әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатынын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар