Грекия Еуроодақтан қаржылық көмектің алғашқы траншын алды

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Грекия Еуроодақ бойынша серіктестері Халықаралық валюта қорымен бірлесіп беріп отырған көмектің аясындағы 5,5 миллиард еуро көлеміндегі қаржылай көмектің алғашқы траншын алды.
None
None

Бұл туралы елдің қаржы министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды «РИА «Новости» агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, еуроаумаққа кіретін 16 елдің қаржы министрлері мамырдың 2-сінде Брюссельде өткен кезектен тыс басқосуда Еуроодақ пен Халықаралық валюта қоры тараптарынан Грекияға көрсетілетін 110 миллиард еуро көлеміндегі қаржылай көмекті бекіткен болатын. Бұл соманың 80 миллиард еуросын - Еуроодақ, оның ішінде 22 миллиард соманы еуроаумақтағы экономикасы ең үлкен Германия өз мойнына алып отыр. Еуро аумағындағы еуроодақ елдерінің несиелері екіжақты мазмұнға ие және жылына 5 пайыздық жеңілдікпен берілетін болады.

Соңғы жаңалықтар