Грекияда ел премьерінің үйі телефон байланысынсыз қалды
ел премьері Йоргос Папандреудің үйін телефон байланысынсыз қалдырды, деп хабарлады Рейтер агенттігі.
ОТЕ телекоммуникациялық компаниясынан хабарлағандай, қателік, борышкердің телефон нөмірінің үкімет басшысы тұратын үйдің нөмірімен толық сәйкес болуы салдарынан орын алған - екі нөмірдің айырмашылығы бір ғана сан болған.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің дерегі бойынша, қателікті бірден байқамаған - Папандреудің үйіндегі телефон үш күн бойы сөніп тұрған.
Грекия қазір ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіруде, үкімет мемлекеттік қызметкерлердің жалақыларын қысқартуға және салықтарды көтеруге мәжбүр, соның салдарынан көптеген тұрғындар шоттарды төлей алмай отыр.
Орын алған проблема жария болғаннан кейін, телекоммуникациялық компанияның басшылығы премьер-министрге жағдайдың бәрін түсіндіріп хат жазды. Аал техникалық мамандарға қателікті дереу жөндеу туралы тапсырма берілді.