Грекияда энергетиктер, дәрігерлер және өрт сөндірушілер ереуілге шықты, оларға такси жүргізушілер қосылмақ

АСТАНА. Наурыздың 18-і. ҚазАқпарат - Грекияда мемлекеттік энергетикалық корпорациялардың энергоблоктарының жартысынан астамы тоқтап қалды,

Грекияда  энергетиктер,  дәрігерлер  және  өрт сөндірушілер   ереуілге шықты,  оларға такси жүргізушілер қосылмақ

оған энергетиктердің 48 сағаттық ереуілге шығуы себеп болып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Компания қызметкерлері жалақы мен зейнетақыны қысқартуға, сондай-ақ жұмысқа жалдаудың тоқтатылуына наразылық ретінде екі күн қатарынан ереуілге шықты. Мемлекеттік бюджеттің дефицитін елдің жалпы ішкі өнімінің 12,7 пайызынан 8,7 пайызына дейін қысқарту мақсатында министрлер кабинеті жарияланған шаралар жұмысшылардың сыйақылары мен мерекелік төлемдерін қысқартуды да қарастырады, мұның нәтижесінде мемлекеттік сектордың қызметкерлері шамамен 1 айлық жалақыларынан айрылғалы отыр.

Сейсенбі күні энергетиктер Грекияның солтүстік елордасы - Салоникиде веерлік негізде жарықты сөндірді, ал сәрсенбі күні таңертең Афинының бірқатар ауданында да жарты сағатқа жарық сөніп қалды. Крит аралындағы Ханья қаласының бірқатар аудандарында да жарық болған жоқ.

Бүкіл ел бойынша дәрігерлердің де ереуілі жалғасуда, олар пациенттерді тек шұғыл жағдайда ғана қабылдауда. Ауруханаларда жедел емес хирургиялық операциялар да кейінге қалдырылып отыр.