Грекияда қатаң үнемдеу шараларын енгізу туралы заң қабылданды

Бұл шараларды парламент мақұлдамаса Грекияның реформалар бағдарламаларын орындауына алғашқы бағалау жүргізу және грек экономикасына несие беру мүмкін болмас еді. Кезекті транш 2 миллиард еуроны құрауы тиіс.
«Экономикалық мақсаттар мен құрылымдық реформалар жөніндегі келісімді жүзеге асыру шаралары туралы» Заң СИРИЗА және АНЭЛ коалицияларының 154 депутатының мақұлдауымен қабылданды.
Коалицияда барлығы 155 дауыс.
АНЭЛ-дің бір депутаты - Никос Николопулос заңның алты бабына қарсы шығып, жалпы заңды қолдады. Сөйтіп ол партия мен үкімет саясатына қарсы шыққан коалицияның алғашқы депутаты болды.
Оппозициялық партиялардың барлық депутаттары қарсы шықты. Дауыс беруге 300 депутаттың 294-і қатысты. Алты депутат өз ұстанымдарын хатқа жазып жіберді. Алдын ала есептеуде олардың дауыстары саналмады.