Грекияда коронавирустан көз жұмған бірінші жағдай тіркелді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Грекияда коронавирус жұқтырған бірінші адам қайтыс болды. Бұл туралы бейсенбі күні Reuters агенттігі елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

Оның мәліметінше, қайтыс болған 66 жастағы ер адамның денсаулығында басқа да проблемалар болған.

Соңғы деректерге сәйкес, Грекия аумағында ауру жұқтырғандардың жалпы саны 99 адамды құрап отыр.


Фото: Global Look Press/Xinhua/Marios Lolos
Соңғы жаңалықтар