Грекияда мемлекеттік сектор қызметкерлері 24 сағатқа ереуіл жариялады

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Грекияда бүгін мемлекеттік сектор қызметкерлерінің 24 сағаттық жалпыұлттық ереуілі болады, бұл шара үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан қатты үнемдеу шараларына наразылық ретінде өткелі жатыр. Бұл мемлекеттік қызметкерлердің жылдың басынан бергі төртінші ереуілдері, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Грекияда    мемлекеттік  сектор  қызметкерлері  24 сағатқа ереуіл  жариялады

Есесіне, грек әуе диспетчерлері бүгінге және ертеңге жоспарланған ереуілдерін кейінге қалдырып, жанартау проблемасынан бірнеше күн бойы көптеген еуропалық елдерге жете алмай отырған жолаушылардың жағдайын одан бетер ушықтырғылары келмейтіндерін мәлім етуде. Бүгін содай-ақ барлық қалалық қоғамдық көлік жұмыс істейтін болады.

Ал бүгін басталатын 24 сағаттық наразылық акциясына мемлекеттік қызметтердің, мемлекеттік кәсіпорындардың, кеден және салық инспекцияларының қызметкерлері, дәрігерлер мен мектеп және институт оқытушылары қатысады.

Грекия Компартиясына жақын «Барлық жұмысшылардың жауынгерлік шебі» кәсіподағы да сәрсенбіден бастап 48 сағаттық жалпыұлттық ереуіл өткізіп жатыр.