Грекияның Хиос аралында қайық апатынан 14 мигрант көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Грекияның Хиос аралында жағалау күзетінің қайығы мигранттардың қайығымен соқтығысып, 14 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazinform euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Грекия жағалауында мигранттар мінген қайық жағалау күзетінің қайығымен соқтығысты
Фото: politischios.gr

Аталған оқиға сейсенбі күні кешке Хиос аралының жағалауында, Мирсиниди жағажайына жақын жерде болды. 

Жергілікті БАҚ мигранттар мінген қайық жағалау күзетімен соқтығысып, кем дегенде 14 адам қаза тауып, бірнеше адам жараланғанын хабарлады. 

Politischios.gr сайтының хабарлауынша, контрабандашылардың қайығы жағалау күзетінің қайығына соғылудан қашпақ болып, бағытынан ауытқып кеткен. Жағалау күзетінің ресми мәлімдемесінде 14 мигранттың мәйіті табылғаны расталды.

Сонымен қатар екі жағалау күзетшісі жарақат алып, олар Хиос жалпы ауруханасына жеткізілді. Құтқарылған 24 шетелдік те эвакуацияланды.

Іздестіру-құтқару операциясы із-түзсіз жоғалғандар туралы хабарлар келіп түсіп жатыр. Қайықта балалар да болған. 

Бұл оқиға Грекиядағы мигранттар мәселесінің күрделілігін тағы бір мәрте көрсетті.

Бұған дейін де Грекияның Крит жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 18 адам көз жұмғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар