Григорий Ломакин Вьетнамдағы турнирде алғашқы қарсыласын ойсырата ұтты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 906-ракеткасы Григорий Ломакин Фантьен (Вьетнам) челленджер турнирі іріктеу сайысының финалына шықты.
Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының жартылай финалында жергілікті теннисші Хоанг Тхань-Чунгпен кездесті.
Г.Ломакин қарсыласын 6:0, 6:1 есебімен бет қаратпай ұтты.
Матч небәрі 56 минутта аяқталды.
Григорий Ломакин іріктеу сайысының финалында әлемнің 689-ракеткасы, оңтүстіккореялық Джон Джиу Ким немесе рейтингіде 1 162-орындағы эстониялық Кристиан Таммен кездеседі.
Аталмыш жарыстың жүлде қоры 63 мың долларға бағаланған. Жеңімпаз 9 500 долларға қоса 50 рейтингілік ұпайға ие болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын АҚШ ашық чемпионатында Елена Рыбакинаның Ролан Гарроста кеткен есені қайтарғанын жазған едік.