14:20, 19 Қаңтар 2011 | GMT +5
Грозныйда Арби Бараевтың күдікті үзеңгілесі құрықталды
АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Грозныйдың Завод ауданында милиционерлер Арби Бараевтың бандалық тобының күдікті қатысушысын құрықтады, деп хабарлайды GZT.RU.

Оқиға Черноречье поселкесінде өткен сейсенбі, шамамен күндізгі сағат үш кезінде орын алды, деп хабарлады РИА «Новости» агенттігіне республиканың құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі. Оны тұтқындау жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде мүмкін болды.
Күш құрылымдарының хабарлауынша, ұсталған Шаилов 1998 жылдың мамырынан желтоқсанына дейінгі аралықта Арби Бараевтың қылмыстық тобының іс-әрекетіне белсене араласқан. Қазір ол тексерілу үстінде.
Бараев 2001 жылдың маусым айында ФҚҚ жүргізген арнайы операция кезінде қаза тапты.