Грузия BBC-дің «химиялық қару» туралы мәлімдемелеріне қатысты тергеу жүргізіп жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Грузияның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) BBC-дің Тбилисидегі соңғы наразылық акциялары кезінде Бірінші дүниежүзілік соғыстан қалған улы зат қолданылған болуы мүмкін деген хабарламасынан кейін тергеуді бастады, деп хабарлайды елдің Бірінші қоғамдық телеарнасы.
Ведомство тергеу BBC репортажына негіз болған мәлімдемелердің дереккөздерін мұқият тексеруге бағытталғанын атап өтті.
МҚҚ мәліметінше, таратылған ақпаратта азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін және мемлекеттік мүдделер мен елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретін қылмыс белгілері болуы мүмкін.
Тергеу Қылмыстық кодекстің қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану және шетелдік ұйымның дұшпандық әрекеттеріне көмектесу баптары бойынша жүргізіліп жатыр. МҚҚ барлық ықтимал болжамдарды тексеріп, қоғамды оның қорытындылары туралы үнемі хабардар етіп отыратынын атап өтті.
BBC-дің «Грузиялық наразылық білдірушілерге шашылған Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі улы қоспа» деп аталатын материалында дәрігерлер мен бұрынғы қауіпсіздік күштерін қоса алғанда бірнеше дереккөздің пікірі келтірілген.
Грузия билігі есеп қорытындыларын «сандырақ» деп атап, полицияның қатаң заң шеңберінде әрекет еткенін мәлімдеді.
«Грузин арманы» партиясы сонымен қатар елдің беделін BBC-дің бірнеш рет қайталанған жалған мәлімдемелерінен қорғау үшін халықаралық соттарға жүгіну ниетін мәлімдеді.
Бұған дейін Грузиядағы тәртіпсіздіктер кезінде 14 полицей жарақат алғанын жазған болатынбыз.
Грузияда митинг ұйымдастырғандарға билікті құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды.
4 қазанда Тбилисиде болған тәртіпсіздікке қатысқан тағы сегіз адам ұсталды.