09:09, 04 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Грузия парламентшілері ТМД Парламентаралық ассамблеясының құрамынан 2010 жылы қаңтардың 22-сінде шығады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. Желтоқсанның 4-і. ҚазАқпарат /Елена Мягкова/ - Грузия парламентшілері ТМД Парламентаралық ассамблеясының құрамынан 2010 жылы қаңтардың 22-сінде шығады.
Бұл туралы бейсенбі күні Ассамблея кеңесінің төрағасы Сергей Миронов мәлім етті.
Оның айтуынша, грузин парламентшілері ТМД Парламентаралық Ассамблеясының құрамынан шығу туралы шешімді 2009 жылы шілденің 22-сінде қабылдады. Сондықтан да, Ассамблея процедуралары бойынша, грузин парламентшілерінің ұйым құрамындағы қызметі олардың Ассамблея құрамынан шығу туралы өтініштерінен жарты жылдан кейін тоқтатылады.