Грузия премьер-министрі ЕО-ға бет алғанын және ашық дебаттарға бейілдігін растады

АСТАНА. KAZINFORM – Грузия Еуроодаққа мүше болуға ғана ұмтылып отырған жоқ, сонымен қатар конституцияық ұстанымдар сақталған жағдайда кез келген мәселені ашық талқылауға дайын, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі елдің Бірінші қоғамдық арнасына сілтеме жасап.

Премьер-министр Грузии подтвердил курс на ЕС и готовность к открытым дебатам
Фото: Грузия Үкіметі

Бұл туралы премьер-министр Иракли Кобахидзе Дубайда (БАӘ) грузиялық журналистермен кездесуі барысында мәлім етті.

- Біздің жария түрде мәлімдеген мақсатымыз бар — Грузия түптің түбінде Еуропа одағының мүшесі болуды көздейді. Ал кез келген тақырыпты талқылауға келсек, біз оған дайынбыз, кез келген үдерістің артықшылығы мен кемшілігі болады. Басты талап фундаменталды ұстанымдардың сақталуы, соның ішінде конституциялық тәртіптің мойындалуы», — деді Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидзе.

Үкімет басшысының айтуынша, ашық әрі салауатты пікірталас еуропалық интеграцияның артықшылықтары мен кемшіліктерін қоса алғанда, кез келген мәселені қамтуы мүмкін. Алайда мұндай талқылаулар дәлелді, ашық әрі қоғамға талқыланып жатқан тақырыптардың барлық қырын айқын әрі түсінікті жеткізуі тиіс.

Соңғы айлардағы оқиғалар Грузия мен Еуропалық одақ арасындағы дипломатиялық қатынастардың айтарлықтай шиеленіс кезеңіне аяқ басқанын аңғартады.

Осыған дейін Еуропарламент мүшесі Томаш Здечовский Грузия терең саяси дағдарысқа ұшырады және 2024 жылғы парламенттік сайлаудан кейін ондағы адам құқықтарына қатысты жағдай айтарлықтай нашарлады деп сын айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар