Грузияда оппозиция Президентке және «Имеди» телекомпаниясының басшысына қарсы шағым-арыз әзірлеуде

АСТАНА. Наурыздың 19-ы. ҚазАқпарат - Грузияда оппозициялық күштер «Ұлттық кеңеске» бірігіп отыр. Олар Грузия Президенті Михаил Сакашвили мен «Имеди» телекомпаниясының басшысы Георгий Арвеладзеге қарсы шағым-арыз әзірлеуде,

Грузияда оппозиция     Президентке  және  «Имеди» телекомпаниясының басшысына  қарсы     шағым-арыз    әзірлеуде

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Өз кезегінде «Әділ Грузия үшін» оппозициялық қозғалысының жетекшісі Зураб Ногаидели, «Имеди» телекомпаниясы өз телесюжетінде «сатқындар» деп атаған саясаткерлерден кешірім сұрасын деген талап қойып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен сенбі күні кешке «Имеди» телеарнасы «Ресейдің Грузияға басып кіргені және М.Саакашвилидің қазасы туралы» хабарлап, тек хабардың соңында ғана мұның «ықтимал оқиғалардың сценарийі» екеніне түсінік берген. Бұл хабар Грузияда үлкен дүрбелең туғызды. Атап айтқанда, репортажда «Цхинвалда Оңтүстік Осетия басшысы Эдуард Кокойтоға қарсы лаңкестік жасалғаны, содан кейін ресейлік әскердің Грузияға басып кіргені» хабарланды. Одан кейін «үкімет пен президент М.Саакашвилидің жедел көшірілгені» айтылса, бірнеше минуттан кейін телекомпания «М.Саакашвилидің қазасы туралы және Н.Бурджанадзенің жетекшілігімен халықтық үкіметтің құрылғаны жайлы» хабарлады. Бағдарлама жарты сағаттай жалғасты және «Грузия әуежайлары мен теңіз айлақтарының бомбыланып жатқаны туралы» хабарлардан кейін, телекомпания мұның «ықтимал оқиғаның дамуы туралы арнайы репортаж» болғанын мәлім еткен.

Грузия Президенті Михаил Саакашвили , «Имеди» телеарнасының эфирінде орын алған оқиғаға кейіп отырғанын мәлім етті. «Сюжеттің барысында экранда мұның шындық емес, имитация екені жазылуы керек еді. Бірақ, түсіндірме бағдарламаның басы мен соңында ған жасалғандықтан, көптеген адамдар үрейленіп қалды», деді М.Саакашвили өз сөзінде.