Грузияда жер сілкінді

ТБИЛИСИ.  Қыркүйектің  9-ы. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні  таңертең  Грузияның  солтүстік  батысындағы    Рача-Лечхуми және  Квемо-Сванети   аймағындағы   Онск ауданында       жер сілкінісі  болды,    бұл жолы жерасты  дүмпуінің  тербелісі  3,7 баллды   құрады, 
None
None

деп   хабарлайды  ресейлік «Жаңалықтар»  агенттігі  сейсмикалық   мониторинг орталығына сілтеме  жасап.

«Онск  ауданында  жергілікті уақыт     бойынша сағат 6.37-де (мәскеу уақытымен  сәйкес)    күші 3,7 баллдық      жер сілкінісі  тіркелді.      Жер сілкінісі  әлсіз  болды  және  бұл жолы ол  Тбилисиде  сезілген жоқ», -   деп  хабарлады   сейсмикалық   мониторинг орталығынан.

«Жаңалықтар-Армения» агенттігі  де   Ұлттық   сейсмикалық   қорғаныс  қызметіне  сілтеме  жасап, сейсенбі күні  сағат 22.50-де  Кутаисидің  солтүстік-шығысында 75 шақырымдай  жерде      4,1 баллдық   жер  сілкінісі  болғанын    хабарлады.

Осылайша,   бүгін  таңертең Грузияда  болған  жер сілкінісі -    бір тәуліктен  астам  уақыттың ішінде   орын алған  үшінші    зілзала. Алғашқысы    сейсенбіге  қараған түні     елдің   жоғарыда аталған  өңірінде    болып,   оның     күші Тбилисиде,   көрші Оңтүстік Осетия, Армения  және   ресейлік   Солтүстік Кавказда  сезілген  болатын.  Адам  құрбандықтары  болған жоқ.  

Соңғы жаңалықтар