GSM Қазақстан/ Kcell 2 мың тұрғыны бар елді мекендердің 85 пайызын ұялы байланыспен қамтамасыз етті

        АЛМАТЫ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ -   GSM Қазақстан/Kcell компаниясы 2 мың тұрғыны бар елді мекендердің 85 пайызын ұялы байланыспен қамтамасыз етті,
None
None

  деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Қазіргі таңда  5 мың тұрғыны бар елді мекендердің барлығы және 2 мың тұрғыны бар ауылдардың 85 пайызы ұялы байланыспен қамтамасыз етілді. Оған байланыс операторы 3500 базалық стансы орнату арқылы қол жеткізіп отыр.

        «Бұл  Үкіметтің барлық ұялы байланыс операторларына  ауылдық аймақтарды  байланыспен қамтамасыз ету жөніндегі  міндеттемелерін орындаудағы  жүйелі жұмыстарымызды дәлелдейтін техникалық дамудағы маңызды белес. Біз  еліміздің инфрақұрылымын дамытуға  1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция салдық.     Соның нәтижесінде   шалғай елді мекендер мен республикалық және облыстық маңызы бар жолдар байланыспен қамтамасыз етілді. Біздің инвестициямыз тек қана қамту аумағын ұлғайтуға жұмсалып жатқан жоқ. Бұл байланыс сапасын әлемдік стандарттарға сай   көтеруге және  телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға, сондай-ақ  Қазақстанның болашақ экономикалық дамуына үлес қосуға бағышталуда», дейді      GSM Қазақстан/Kcell компаниясының Бас атқарушы директоры Вейсел Арал. Оның айтуынша,  бүгінгі таңда олар  3G ұялы байланыс стандартын енгізуге толықтай дайын.

Соңғы жаңалықтар