Гуанчжоуде ЖКО зардап шеккен студент Астана қаласының тумасы болып шықты

БЕЙЖІҢ - ГУАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - ҚХР Гуандун провинциясы Гуанчжоу қаласында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жиырма жастағы Ерлан Амангелді Оңтүстік-Қытай технологиялық университетінің «іскерлік қытай тілі» мамандығы бойынша 4-курс (түлек) студенті.
None
None

«Ол сабақты жақсы оқиды. Диплом жұмысын жазғанбыз. Алдын ала қорғау өтуі тиіс болатын. Оқиға 22 қарашада сағат 19.30-да кешкі уақытта орын алды. Қазір сақтандыру мәселесін шешіп жатырмыз, бізге өтемақы төленбейтінін, Ерланның өзі кінәлі екенін айтуда. Медициналық шығыстардың тым болмаса жартысын төлесе деп келіссөз жүргізіп жатырмыз. Бізге мұны шешуге ҚХР-дағы ҚР Елшілігінің қызметкерлері көмектесуде», - деді ҚазАқпарат тілшісіне, зардап шеккен жігіттің досы А. Рахадилов.

Оның айтуынша, Ерлан дулығасыз болған, бұрылыста тепе-теңдікті ұстай алмай, жол бойындағы қалқан мен ернеу арасындағы кеңістікке ұшып кеткен. Онымен бірге келе жатқан Наргиз Шандозованың денесінде бірқатар жарақаттар, ісіктер мен сырылған жерлері бар.

Зардап шеккен бойжеткеннің құрбысы Әлия Айтқұлова оқиға орын алған күні Ерлан мен Наргиздің ізімен келе жатқан екен, ол қазір Ерлан ес-түссіз жатқанын, бас жарақатын алғанын мәлімдеді.

«Дәрігерлер оның есін жиғанын күтіп отыр. Оны жақсы ауруханаға жеткізу ойластырылуда», - деді ол.

Айтқұлованың айтуынша, Ерлан мотоциклді досынан алған. Бір-екі күнде қалаға студенттің әкесі келмекші екен.

Еске салсақ, апаттан кейін студенттер Mandarin сайтына ЖКО туралы ақпарат орналастырды, онда Қазақстан тумасының қатты зардап шеккені айтылған.

Соңғы жаңалықтар