Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гүлназ Бөрібаева Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

АСТАНА.KAZINFORM - Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

Гүлназ Бөрібаева
Фото: ҚБФ

U23 санаты бойынша 48 келідегі Гүлназ Бөрібаева финалда Моңғолия боксшысы Содон-Од Биндерияға еш мүмкіндік бермей, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шықты.

Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.

Сонымен қатар U19 санаты бойынша +80 келідегі Зарина Толыбай финалда Үндістан спортшысы Пречи Токаспен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) жеңіске жетті.

U19 санаты бойынша 80 келідегі Айдана Убайдуллақызы шешуші сында Үндістан боксшысы Мега Шеокандпен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіс тұғырынан көрінді.