Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Гүлшара Әбдіқалықова шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова  бірқатар шет елдің Қазақстанда міндетін қоса атқаратын Төтенше және Өкілетті Елшілерінен сенім грамотасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Гүлшара Әбдіқалықова шетел елшілерінен сенім грамотасын қабылдады

Атап айтқанда, Мемлекеттік хатшыға Гвинея Республикасының Елшісі Бангали Диакхаби, Панама Республикасының Елшісі Мигель Умберто Лекаро Барсенас, Мали Республикасының Елшісі Тиефинг Конате, Хорватия Республикасының Елшісі Тончи Станичич, Кипр Республикасының Елшісі Леонидас Маркидис, Перу Республикасының Елшіс Луис Бенхамин Чимой Артеага сенім грамоталарын табыс етті.

Бангали Диакхабимен кездесу барысында Мемлекеттік хатшы биыл Қазақстан мен Гвинея арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 25 жыл толғанын атап өтті. Гвинея Президенті Альфа Конденің Астанаға ИЫҰ-ның Ғылым және технология жөніндегі бірінші саммитіне қатысуға келгені екіжақты қарым-қатынастың маңызды шарасы болып саналады.

null null null 

Гүлшара Әбдіқалықова Панама Елшісімен кездесуде ЭКСПО алаңында  жүзеге асырылатын Астана халықаралық қаржы орталығының, БҰҰ қолдауымен құрылған «жасыл» технологияларды және инвестициялық жобаларды дамыту жөніндегі халықаралық орталықтың, ІТ-стартаптар халықаралық технопаркінің жобалары бойынша ынтымақтастыққа шақыртуын жеткізді.

null null null 

Ал Мали Елшісімен кездесуде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылғандары үшін ризашылық білдірді. Жақында ҚР Үкіметі мен АҚИҰ  арасында осы ұйымның штаб-пәтерін Астанаға орналастыру туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, Малидің терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелерінде маңызды рөл атқаратындығын айтты.

null null null 

Хорватия Елшісімен кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның Хорватияны Оңтүстік-Шығыс еуропадағы маңызды әрі перспективалы серіктестерінің бірі ретінде қарастыратындығын атап өтті. Экономикалық ынтымақтастық  деңгейін арттыру қажеттігіне көңіл аударды. Қазақстанда шамамен 30 хорватиялық компания жұмыс істейді. Елдер арасындағы тауар айналымы биылғы қаңтар-қыркүйекте 301 млн доллар болды. Мемлекеттік хатшы қазақстандық компаниялар бидай мен мал шаруашылығы өнімдерін жеткізе алатынын айтты.

null null null 

Мемлекеттік хатшы Кипр Елшісімен кездесуде екі елдің саяси диалогы сауда-экономикалық серіктестік арқылы нығая  түсуі тиістігін атап өтті. Қазақстан сауда-экономикалық қарым-қатынасты арттыруға және әртараптандыруға, ел экономикасына Кипр инвестициясын тартуға мүдделі.

null null 

Луис Бенхамин Чимой Артеага кездесуде Мемлекеттік хатшы Перудің 2018-2019 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануымен құттықтады.

null null null 

Рәсім соңында Гүлшара Әбдіқалықова Елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық қызметтерінің басталуымен құттықтап, сәттілік тіледі.