Гүлзат Көбенова ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі лауазымына тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі болып тағайындалды.

вице-министр науки и высшего образования РК
Фото: ҚР Үкіметі

Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлайды.

1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған.

2002–2009 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарды.

2009–2010 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы.

2010–2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды.

2018-2019 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы болып жұмыс істеді.

2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.

2020–2022 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

2022–2023 жылдары — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар