Гутерриш: әлем Батыс Азиядағы ауқымды соғыстың қақ ортасында тұр

АСТАНА. KAZINFORM — Бүкіл әлемге драмалық әсерін тигізген кең көлемді соғыс Батыс Азияны шарлап, жаһанға әсер ету қаупі бар деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш. Бұл туралы ТАСС агенттігі жазды.

БҰҰ Бас хатшысы
Фото: media.az

— Біз Батыс Азияны қамтитын және бүкіл әлемге драмалық салқынын тигізген жаһандық соғыстың алдында тұрмыз. Қақтығыстың әсері қазірдің өзінде сезіліп жатыр. Мысалы, теңіз қатынасының еркіндігі бұзылу салдарын қарасаңыз жеткілікті, — деді Гутерриш.

Еске сала кетейік, Ирак Ормуз бұғазын айналып өтіп, Сирия арқылы мұнай экспорттай бастады.

Ал Иран президенті Масуд Пезешкиан сәрсенбі күні кешке америкалықтарға арналған ашық хат жариялап, онда соғыстың мақсаттарына күмән келтіріп, америкалықтарды өз елдерінің саясатын сыни тұрғыдан бағалауға шақырды.

Пезешкиан үндеуде Иранның Америка халқын жау деп санамайтынын және үкіметтердің ұстанымдары мен қоғамдардың сезімдері арасында айырмашылық жасауға шақыратынын мәлімдеді.