Гватемалада Мая өркениетінің негізін қалаған патшайымның мүрдесі табылды

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Гватемаланың солтүстігіндегі департаменттердің бірінде қазба жұмыстарын жүргізу кезінде археологтар Майя халқының патшайымы Каломте Кабельдің мүрдесінің қалдықтарын тапты,
None
None

 деп хабарлады  британдық The Daily Telegraph басылымы.

 Оны 11 метрлік тереңдікте Эль-Перу (Вака) көне қаласының бас шіркеуінде американдық және гватемалалық археологтар анықтады. Көне әйел басшы сүйегінің қалдықтарымен бірге археологтардың қолдарына тарихи құндылықтар болып табылатын көптеген заттар - құнды заттар, әшекей бұйымдар мен гипс бейнелер түсті. Алдын ала болжам бойынша, олар ханымның денесімен бірге өлгеннен кейін берілетін ритуалдық сыйлық ретінде қойылған.

 Археологиялық экспедицияны басқаратын антрополог Дэвид Фридельдің айтуынша, бұл олжа көне өркениетті зерттеудің бүкіл тарихындағы маңыздылардың бірі болып табылады.

 Ғалымдардың пікірінше, Каломте Кабельдің халықты жиырма жылдық басқару кезеңі біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырдың аяғы - 7 ғасырдың басына келеді.

Соңғы жаңалықтар