Гвинея-Бисауда әскер билікті өз бақылауына алғанын мәлімдеді
АСТАНА.KAZINFORM — Гвинея-Бисауда әскери күштер елді толық бақылауға алғанын мәлімдеді деп жазды Белта Jeune Afrique басылымына сілтеме жасап.
Әскерилер сондай-ақ «сайлау процесін» тоқтататынын және шекараларды жабатынын жариялады. Басылымның мәліметінше, бұл мәлімдеме астана Биссаудағы армия штабында оқылған.
Бұған дейін Гвинея-Бисау президенті Умару Сисоку Эмбало елде мемлекеттік төңкеріс болғанын өзі хабарлаған еді. Оның айтуынша, ол президенттік сарайдағы жұмыс бөлмесінде әскери қызметкерлер тарапынан қамауға алынған. Президент сонымен бірге Қарулы күштердің Бас штабының бастығы, оның орынбасары және ішкі істер министрі де тұтқындалғанын айтты.
23 қарашада елде президент сайлауы өткен. Ресми нәтижелер бейсенбі күні жариялануы тиіс болатын.
Айта кетейік, Боливия генералы сәтсіз төңкерістен кейін қамауға алынды.