Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды
АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыста Ғылым мен техника саласындағы 2009 жылғы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлықтарына ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындылары және секциялардың ұсынбалары қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша алдын ала іріктелген жұмыстарды одан әрі талқылау үшін келесі кезеңге жіберуге шешім қабылданды.
Бұл жұмыстардың тізімі «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланады.