Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру комиссиясының қорытынды отырысы өтті

Отырыс барысында Мемлекеттік хатшы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығы ғылым мен техника саласындағы ғалымдардың мемлекет пен қоғам алдындағы зор қызметінің танылуы болатындығын баса айтты.
Еліміздің ағымдағы жылғы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығына 19 жұмыс ұсынылып отыр. Аталған жұмыстар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып, қоғамның кеңінен талқылауына мүмкіндік берілген еді. Талқылау барысында үш жүзден астам, оның ішінде шетелдік ғалымдардан 116 пікір келіп түскен.
Сыйлыққа ұсынылған жұмыстарға берілген пікірлер мен рецензиялар сарапшылар кеңесінің секциялық отырыстарында кеңінен қаралған болатын. Ал бүгінгі қорытынды жиын барысында Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын үш жұмыс бекітілетін болады.
Айта кетейік, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттарына сыйлық Тәуелсіздік күні қарсаңында табыс етіледі.