Ғылым жөніндегі ұлттық кеңес Президентті озық идеялармен қаруландырады – Саясат Нұрбек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында Ғылым жәнен технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің не үшін құрылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ғылым және технолоиялар жөніндегі ұлттық кеңесті құру не үшін қажет болды? Халықаралық тәжірибеге қарасақ, өткен ғасырдың 30 жылдарының өзінде Америка Президенті Франклин Рузвельт алғаш рет ғылым жөніндегі ұлттық кеңес құрған болатын. Осылайша кеңесшілер тобы – сол кездегі үздік, жетекші ғалымдар тобы МІТ президенті Ван Барабуштың басшылығымен тұрақты қызмет ететін алаң жасады. Ол алаң Президентті мемлекеттік саясатта қорғаныс қабілеті жөніндегі шешімдер әзірлеуге қажетті ғылыми негізделген тәсілдермен тікелей қамтамасыз етіп отырды. Біз осы сияқты кеңестердің бәрін зерделедік. Францияда да ғылым академиясында ел Президентінің жанындағы консультативтік-ақылдасу кеңесі жұмыс істейді. Президентке осындай ұсыныс енгіздік. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұны қолдады», - деді Саясат Нұрбек.

Оның сөзіне қарағанда аталған ұлттық кеңестің мүшелері түрлі саладағы озық идеяларын Президентке тікелей жеткізуге мүмкіндік алмақ.

«Бұл неге маңызды? Енді ғалымдар ғылымның проблемалары мен өз ұсынымдарын, идеяларын, экономиканы, қорғаныс қабілетін, халықаралық істерді дамыту сияқты түрлі мәселелер бойынша жүргізетін талдауларын тікелей Президентке жеткізе алады. Ал бұл Президентті шешім қабылдауға қажет жаңа идеялармен, қосымша көзқарастармен қаруландыратын тұрақты арна болады», - деп атап өтті министр.



Видеодан алынған кадр

Соңғы жаңалықтар
telegram