Ғылыми-техникалық шараларды ресейліктермен бірлесіп жүзеге асырудың маңызы зор - ЖОО басшысы А.Әйтімов

ОРАЛ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғылыми-техникалық шараларды ресейліктермен бірлесіп жүзеге асырудың маңызы зор. Бұл туралы Өскеменде өткізілген «Орнықты даму және жоғары технологиялар» атты Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумына қатысқан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің құрылтайшысы, техника ғылымдарының кандидаты, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, орнықты дамуға жоғары технологиялар арқылы ғана қол жеткізуге болады. Аталмыш форумда осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Бұл ретте қос елдің жоғары оқу орындары да көптеген тиімді шараларды бірлесіп атқара алады. Мәселен, Оралда орналасқан Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті заман ағысынан қалмас үшін әлемнің, соның ішінде Ресейдің жетекші ЖОО-ларымен ынтымақтаса жұмыс жасап келеді. Университетте қазіргі заманғы жетістіктерді қолдана отырып, қашықтықтан білім беру технологиясы да енгізілуде. Интерактивті теледидар, компьютерлік телекоммуникациялық жүйелерді жолға қоюда, сөз жоқ, Интернет маңызды рөл атқарады.

Соңғы жаңалықтар