Хакерлер АҚШ Конгресінің интернет-сайттарын бұзды
АСТАНА. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат - Хакерлер АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының 49 интернет-сайтын бұзып кірді.
Шабуылға республикалық та, демократиялық та партиялардың ресурстары ұшыраған. Бұзақылар сайт беттеріне кіріп, ел президенті Барак Обамаға тіл тигізетін жолдаулар қалдырған, деп хабарлайды Associated Press агенттігі.
Шабуыл кезінде Ақ үй басшысы Конгресте «Ел жағдайы туралы» жыл сайынғы жолдауын жасап жатқан.
Өкілдер палатасының ресми өкілі Джеф Венчура, бұл шабуылға өкілдері палатаға кірмей қалған партиялардың бірінің қатысы бар екенін айтып отыр. Оның айтуынша, сайттар жаңартылып, сол мақсатта олардың қорғаныс жүйесі бірнеше секундқа босаңсытылған екен. Бірақ та, хакерлерге сайттарға бұзып кіруге осы бірер секундтың өзі жеткен көрінеді.