Халал индустриясының мүмкіндігі пайдаланылмай жатыр - Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті

         АЛМАТЫ. Желтоқсанның 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ел тұрғындарының 70 пайызы мұсылман дінін ұстаса да елде әлі күнге дейін халал индустриясының мүмкіндігі пайдаланылмай  жатыр.
None
None

 Оны Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының вице-президенті Тимур Назханов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.

         "Халал индустриясы - соңғы кезде көтеріліп жатқан мәселе.  Оған әсіресе  жастар көп  көңіл бөліп жатыр. Қазір өндірістің бұл саласы елімізде біршама баяулап қалды. Дегенмен, оның болашағы өте зор. Өкінішке орай, оған серпін беретін халал индустриясы туралы заң да, нормативтік-құқықтық актілер де жоқ. Сол себепті оның мүмкіндігі толық пайдаланылмай жатыр", дейді Тимур Назханов. Оның пайымдауынша, құзырлы органдар халал өнімдердің  жаңа стандарттарын дайындауы керек. Стандарт дайындалса, Қазақстанда өндірілетін сапалы халал өнімдерімен тұтынушы сұранысын  қамтамасыз етуге мүмкіндік мол. Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі ел экономикасын дамытуға өндірістің  бұл саласы үлкен ықпал ете алады.

Соңғы жаңалықтар