Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо Қазақстанға келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ол 4 қыркүйекте Астанада Қазақстан жұмыс берушілерінің съезіне қатысып, елдегі ірі бизнес өкілдерінің алдында сөз сөйлейді.

Жильбер Унгбо
Фото: ХЕҰ

ХЕҰ – еңбек қатынастарын реттеумен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі. Оның құрамына Қазақстанды қосқанда 187 мемлекет кіреді. Ұйымның негізгі мақсаты – әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.

Ұйым қақтығыстарды шешу және еңбек жағдайларын жақсарту үшін үкіметтер, жұмыс берушілер және жұмысшылар арасындағы диалогты ілгерілететін трипартизм қағидаты бойынша жұмыс істейді.

Бұған дейін ХЕҰ жұмыссыздық деңгейіне қатысты өз болжамдарын ұсынған болатын. Есепте жаһандық жұмыссыздық деңгейі 2024 жылы 4,9%-ға дейін төмендейтіні, бірақ еңбек нарығындағы елеулі теңсіздіктер сақталатыны айтылған. Әсіресе табысы төмен елдерде жұмыс тапшылығынан әйелдер қатты зардап шегуде.

Соңғы жаңалықтар