Халық әртісі А.Әшімов павлодарлықтарға «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмін таныстырады

ПАВЛОДАР. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бүгін Павлодардағы Шәкен Айманов атындағы кинотеатрда «Сіз кімсіз, Ка мырза?» атты жаңа қазақстандық кинолентаның премьерасы өтеді,

Халық әртісі А.Әшімов павлодарлықтарға «Сіз кімсіз, Ка мырза?» фильмін таныстырады

деп хабарлады облыстық мәдениет басқармасынан.

Бұл фильм Қазақстан мен Ресей арнайы қызметтерінің халықаралық есірткі қылмыстық топтарын талқандау жөніндегі бірлескен операциясы туралы баяндайды. Фильмнің басты тақырыбы - Отанға жанқиярлықпен қызмет ету, адалдықты, сүйіспеншілікті ту ету.

Қарт барлаушы басты рөлін сомдаған КСРО халық әртісі, белгілі актер және режиссер Асанәлі Әшімов сеанс алдында көрермендермен кездесіп, журналистердің сұрақтарына жауап қайтарады.