09:53, 08 Мамыр 2012 | GMT +5
Халық банкі ардагерлер ұйымдарына және майдангерлерге көмек ретінде 42,8 млн. теңгеден астам қаржы аударды
АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан Халық банкі соңғы төрт жылда Ұлы Отан соғысы ардагерлерін әлеуметтік қорғау бойынша «Жеңіс марафоны» атты жыл сайынғы акция шеңберінде ардагерлер ұйымдарына және Ұлы Отан соғысына қатысушыларға көмек ретінде 42,8 млн. теңгеден астам сома аударды.

Тек биылғы жылы Алматы мен Астананың ардагерлік ұйымдарына 8,7 млн. теңгеден асатын қайырымдылық көмек көрсетілді. Осы қаражаттан облыстық және өңірлік филиалдарда Ұлы Отан соғысына қатысушы- банк салымшыларына жалпы сомасы 5,3 млн. теңгеге азық-түлік өнімдерінің жиынтығы ретінде көмек көрсетілетін болады.
Халық банкінің әлеуметтік қолдауы дәстүрге сәйкес «Жеңіс марафоны» деп аталады. Осы акцияның аясында ардагерлерге көмек көрсету - Ұлы Отан соғысының шайқас алаңдарында Ұлы Жеңістің негізін қалаған және фашист басқыншыларынан халықтарды азат етуші әскерлер мен офицерлердің ерлігі мен қайсарлығына жасаған тағзым болмақ, деп хабарлады «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі