Халық банкі жылдың аяғына дейін мемлекеттен өз акцияларын сатып алуды көздейді - Үміт Шаяхметова

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Халық банкі «Самұрық- Қазына» ҰӘҚ-мен акцияларын кері сатып алу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы бүгін Алматыда банктің басқарма төрайымы Үміт Шаяхметова айтты.

Халық банкі жылдың аяғына дейін мемлекеттен өз акцияларын сатып алуды көздейді - Үміт Шаяхметова

«Келіссөздер жүргізілуде. Біздің ойымызша жылдың аяғына дейін бұл мәселе шешімін табады, банктің жәй акцияларына салынған қаржыны қайтарамыз деген ойдамыз», деген банк төрайымы келісім сомасын айтпады. «Банкте капиталдандырудың деңгейі жоғары. Сондықтан біз мемлекет капиталын жыл аяғына дейін кері қайтаруды көздейміз», деді Үміт Шаяхметова.

Маусым айында Халық банкі «Самұрық-Қазына» қорына қордың банк депозитіне дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында экономиканың нақты саласын қолдау үшін салған қаржысының алғашқы 60 миллион теңгесін қайтарған болатын.