22:42, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Халық Берлин қамалының қалған бөлігін бұзуға қарсы
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Германия халқы Берлин қамалының қалған бөлігін бұзу туралы ел үкіметі шешіміне қарсы,

деп хабарлайды 24.kz.
Наразылық шарасын америкалық актер Дэвид Хассельхофф басқарды. Ол тілшілерге берген сұхбатында «Берлин қамалы қасиетті және билік қамалды қозғамауы тиіс» деген талабын жеткізді. Айта кетсек, бұл қамалдың бір бөлігі Шпрее өзенінің бойында. Ал жергілікті билік аталған өзенге көпір салып, Фридрихсхайн мен Кройцберг аудандарын қосуды жоспарлап отыр. Әкімшілік өкілдерінің пікірінше, қамал жаңа салынатын көпірге кедергі туғызуда. Сонымен қатар тарихи ғимараттың маңында құрылыс жұмыстары жүргізілмек. Естеріңізге салайық, Берлин қамалын безендіру жұмыстарына 20 мемлекеттен жиналған 120 суретші қатысты. 1991 жылдан бері бұл тарихи құндылық мәдени мұра ретінде мемлекеттің қорғауында болған.