Халық қалаулылары өңірлерде Елбасы Жолдауын түсіндіруде
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат -Мәжіліс депутаты Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысы халқымен кездесіп, ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
ҚР Парламент Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, сапар барысында халық қалаулысы Аршалы ауданында болып, сайлаушылармен кездесті. Сонымен қатар орта мектеп ғимаратында педагогикалық ұжыммен сұхбаттасты. Ал аудандық әкімдіктің конференц-залында азаматтарды жеке мәселелері бйоынша қабылдады.