«Халық-Қазақинсақтандыру» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» І тоқсандағы қызмет қорытындыларын шығарды

АЛМАТЫ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ Биылғы жылдың І тоқсан қорытындылары бойынша «Халық-Қазақинсақтандыру» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы таза сыйақыларды жинау және сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру шығындарының көрсеткіштері бойынша Қазақстанның сақтандыру нарығында бірінші орынды иемденді. Бұл туралы бүгін жарияланған компанияның қорытынды есебінде айтылған,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жылдың басынан бері Компанияға келіп түскен таза сақтандыру сыйақыларының көлемі 3,9 миллиард теңгені құраған. Бұл нарық бойынша «Жалпы сақтандыру» саласына келіп түскен барлық таза сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемінің 20,67 пайызын құрайды. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда аталған көрсеткіш бойынша нарықтық үлестің өсімі 6 пайыздан асқан. Есептік кезеңнің ішінде Компания 921 миллион теңгеден артық сомаға сақтандыру жағдайларын өтеген. Бұл «Жалпы сақтандыру» саласындағы ҚР сақтандыру нарығында жүзеге асырылған барлық сақтандыру төлемдерінің 26,57 пайызын құрайды. Өткен тоқсанда компания жарғылық капиталдың мөлшері және активтердің көлемі бойынша нарықтағы көшбасшылардың үштігіндегі позициясын сақтап қалған. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда жарғылық капитал 2 миллиард теңгеге өскен және осы кезеңде 4,5 миллиард теңгені құрап отыр. Активтердің көлемі 25 миллиард теңгеге артып, оның мөлшері 5,7 миллиард теңгені құрады. Ал жалпы сақтандыру резерві 1 сәуірдегі жағдай бойынша 11,4 миллард теңгені құраған.

ҚазАқпарат анықтамасы: «Халық-Қазақинсақтандыру» Қазақстан Халық банкінің еншілес сақтандыру компаниясы» АҚ 1995 жылы құрылған. 2009 жылдың қорытындысы бойынша таза кірісі 1,48 миллиард теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар