Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Ж. Ахметбеков Жаңаөзенде жұртшылыққа Жолдауды түсіндірді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында іссапарда жүрген Мәжіліс депутаты, «Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Жамбыл Ахметбеков Жаңаөзен қаласында болып,

«Халық коммунистері» фракциясының мүшесі Ж. Ахметбеков Жаңаөзенде жұртшылыққа Жолдауды түсіндірді

жаңадан ашылған әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ, «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі бағыттарын жұртшылыққа түсіндіру мақсатында депутат Теңге және Қызылсай ауылының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Жамбыл Ахметбеков сапарын Теңге ауылының мәдениет үйінде болып, жұртшылықпен жүздесуден бастады. Онда «Халық коммунистері» депутаттық фракциясының жұмысы және өзінің Мәжілістегі әлеуметтік -мәдени комитетінің құрамындағы заң шығармашылығы жөнінде айтып берді.

«Жаңаөзен қаласына алғаш рет келіп отырмын. Қалада әлеуметтік саладағы жұмыстардың атқарылғаны көрініп тұр. Қала маңына қарасты екі ауылда үлкен мәдениет үйінің салынғанына қуаныштымын. Өйткені мұндай мәдениет үйлері елімізде көп кездесе бермейді. Жаңаөзеннің болашағы зор», - деді Жамбыл Ахметбеков. Осы күні коммунист-депутат Теңге ауылы дәрігерлік амбулаториясында және Қызылсай ауылындағы мәдениет үйінде болды. Жүздесу барысында ауыл ақсақалдары «Қызылсайдан аурухана салынса» деген өтініш-тілектерін жеткізді.