Халық санағы Батыс Қазақстан облысында да мәреге жетті

ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Кеше Ұлттық халық санағы Батыс Қазақстан облысында да мәреге жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық статистика департаменті бастығының орынбасары Болтай Әлімбаеваның айтуынша, өңірде 63 санақ бөлімі құрылып, 2019 есепші еңбек етті. Сондай-ақ 501 нұсқаушы-бақылаушы болса, олардың жұмысы әлі біте қойған жоқ. Олар наурыздың 16-сына дейін санақтан өткендердің кемінде 10 пайызын қамтып, тұрғындар санын нақтылайтын болады.
Соңғы жаңалықтар