14:34, 16 Ақпан 2009 | GMT +5
Халық санағы ұлтымызды түгендеу үшін керек ? қаламгер пікірі
ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Халық санағы ұлтымызды түгендеу үшін керек.
Сондықтан алдағы халық санағының да маңызы зор.
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесінің төрайымы Ақұштап Бақтыгереева мәлім етті. Оның айтуынша, өсіп-өркендеуіміз өз алдына, соңғы жылдары арамызға оралмандар аз қосылған жоқ. Сонымен қатар шетке кеткен балалар да бар. «Осының бәрін есепке алып, болашақты болжап, нақты жұмыс жасау үшін халық санағының талапқа сай өткені дұрыс», - дейді А.Бақтыгереева.