Халық санағын өткізу үшін автомашиналар сатып алынды
АТЫРАУ. Қаңтардың 2-сі. ҚазАқпарат /Андрей Соколов/ - Атырау облысында жеті аудандық статистика бөлімі жаңа автомобильдерге ие болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ВАЗ-21214» автомобильдерінің кілтін облыс әкімінің бірінші орынбасары, 2009 жылғы халық санағын өткізуге жәрдемдесу жөніндегі облыстық комиссияның төрағасы Болат Дәукенов тапсырды. Санақ кезінде машиналар шалғай ауылдар мен шопандар қыстауын аралау үшін пайдаланылмақ.