Халық санағына байланысты ақпараттық-насихаттық жұмыстары жалғасуда

АҚТАУ. Ақпанның 7-сі. ҚазАқпарат /Жетібай Шаханұлы/ - Халықты санақ науқанына дайындау мақсатында облыста ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізу жалғасын табуда.
None
None
Өткен аптада халық санағы туралы облыстағы газеттерге 8 мақала жарияланып, 3 мектепте ашық сабақ ұйымдастырылды. Телерадио арналарда күніне 3-9 реттен роликтер берілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментіне сілтеме жасап. Облыстық «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында тікелей эфирде өткен бағдарламаға статистика департаменті мамандары мен санақ науқанының басы-қасында жүрген азаматтар сұхбат беріп, «Ақтау-ақпарат» жаңалықтарында санақ жұмысы туралы бейнематериалдар дайындалды. Ал Жаңаөзен қаласы бойынша жолаушылар автобусына 210, орталық дүкендер мен коммуналдық қызмет мекемелері ғимараттарына, көшелер мен автобус аялдамаларына ақпараттық плакаттар, Түпқарған ауданы бойынша елді мекендер мен аудан орталығы - Форт-Шевченкода көрнекі жерлерге «Халық санағы - 2009» деген жазумен стенділер ілінді. Сондай-ақ аудан-ауыл тұрғындарымен, мемлекеттік мекемелер ұжымдарымен мамандар кездесу өткізіп, санақ турасында оқулар өткізді. Ауылдық округтердің әкімдері де халықпен кездесу өткізу арқылы насихат жұмыстарының жандана түсуіне атсалысуда.
Соңғы жаңалықтар